RU
Швецияға кеткен қазақ қызы парламент депутаты болуды мақсат етіп отыр
Жаңалықтар Қоғам

Швецияға кеткен қазақ қызы парламент депутаты болуды мақсат етіп отыр

Рассказать Вконтакте

Санна Тұрсынова Қазақстаннан Швецияға 20 жыл бұрын қоныс аударған. Ол жанұясымен бірге Еуропаға сіңлісін сирек кездесетін аурудан емдеу үшін барған екен. Бүгінде Санна Стокгольмнің муниципальді кеңесіне қабылданыпты. Енді ару Швеция парламентіне депутат болуды көздеп отыр. Бұл туралы "ҚазАқпарат" агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ жазады.

Алматыда туып-өскен Санна 15 жасқа келгенде жанұясымен бірге Стокгольм қаласына көшіп кетеді. Олар Еуропаға сирек кездесетін аурумен ауыратын кіші қыздарын емдеу үшін қоныс аударады. Осы кезде кішкентай Саннаның ағылшын тілін жақсы білуі үлкен көмегін тигізген көрінеді. Ол швед мектебіне бірден қабылданып, үш айдан соң швед тілін де біліп шығыпты.

Мектепті аяқтаған соң бойжеткен заң факультеті мен халықаралық қатынастар факультетінде оқып, бірден екі диплом алып шығады.

Ал студенттік жылдарында Санна тұрмыстағы зорлық-зомбылыққа тап болған адамдарды қалпына келтіру орталықтарында, қалалық сотта және Қызыл крестте ерікті болып жүрген.

Стокгольм университетін аяқтаған соң қазақ қызы адвокаттық кеңсеге, артынша көші-қон қызметіне жұмысқа орналасқан. Сондай-ақ, ол Швецияның орташа коалициялық партиясының мүшесі болған екен.

Аруға қоғамның тыныс-тіршілігі, халықтың тұрмыс жағдайы маңызды болыпты. Сол себепті Тұрсынова партия мүшелігіне енген екен. Қазір бойжеткен өзі тұратын стокгольмдік Дандерьюд ауданындағы қоршаған ортаға жауап береді. Айта кетерлігі, бұл аймақта зәулім үйлер мен виллалары бар стокгольмдіктер тұрады.

Муниципальді кеңестің сайлауына түскен Санна Тұрсынбаева 16 пайыз дауыс жинап, 2-3 аптада өз жұмысына кірісуді жоспарлап отыр. Оның басты міндеттері әлеуметтік көмектер, білім мен коммуналды қызметтерге жауап беру болып табылады екен.

Өзінің сайлауалды компаниясын Санна көшіп-қонушылардың ықпалдасуына арнап құрған. Cебебі, ару өзінің алғаш Еуропа еліне келгендегі әсерін ұмыта алмайтынын жеткізген.

Тұрсынова өзінің алғаш рет Швецияға келген сәттерін еске алып, жанұясына қаланың ұнамағанын, қыста далада 28 градусқа дейін суық болғанын айтады.

Артынша Тұрсыновтар отбасы Швецияның астанасы Стокгольмге көшіпті. Санна ол қаланы "сұр-қоңыр" түсті деп атайды. Бойжеткеннің сөзінше, жалпы шведтер де өз қалалары сияқты шыдамды, салмақты халық. Алайда күз бен қыс уақытында олардың жүйкелері тозып, психологқа көп жүгінеді екен.

Арудың сөзінше, шведтермен тіл табысу қиын. Өйткені, олар өте салқынқанды, суық болып келетін көрінеді. Бойжеткен бұл елдің Қазақстанмен ұқсастығы тек түрлі ұлт өкілдерінің қоныстануында екенін айтады. Еуропа мемлкетінде Санна испаниялықтармен, шведтермен және ТМД елдеріне мүше мемлекеттердің жастарымен достасқан екен.

Өткен жылы Санна шведтерді қазақ мәдениетімен таныстыру үшін Швециядағы қазақстандық жастардың Ассосациясын құрған. Олар өткен жылдың соңында Қазақстан туралы фотокөрме өткізсе, наурыз айында "Жаужүрек мың бала" мен "Шал" фильмін көрсетіп, қазақ киносының кешін ұйымдастырған. Ассосация мүшелері мамыр айында суретші Хашым Құрбановтың "Менің туған өлкем" атты көрмесін таныстырыпты.

Енді қазақстандық бойжеткен елімізге келетін 10 адамнан топ құрап, "Қазақстандағы туризм" жобасын іске асырмақ. Саннаның айтуынша, шведтер тау-шаңғы туризміне қатты қызығады. Ал Қазақстан олар жақсы көретін Грузия мемлекетіне білдей бәсеке болуы мүмкін.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
2
0
0
0
2
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel