Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алмас Кішкенбаевтың әйелі қазіргі өмірі жайлы айтып, сырын ақтарды (фото)

Опубликовано:

Осыдан бірнеше ай бұрын Алмас Кішкенбаевтың келіншегінен ажырасып кеткені жайлы желіде ақпарат тараған болатын. Алайда әнші мен жұбайы бұл жайлы тіс жарып, мәлімдеме жасамаған. Ал бүгін Мөлдір Серікбаева (Кішкенбаевтың жары) оқырмандарына өзінің қазіргі өмірін баяндады деп жазады NUR.KZ.

Өзінің Instagram парақшасында Мөлдір бұрын махаббатқа сенгенін, қазір екі қызы мен ата-анасы үшін өмір сүретінін жасырмаған.

"Қазір барлығы менен ары қарай қалай өмір сүретінімді сұрайды. Менің өмірім бүгінде екіге бөлінген. Бұрын мен махаббатқа сенетінмін. Үнемі бірнәрсені армандап, жоспар құрып жүретін едім.
Ал қазір менде мұның бірі де жоқ. Өмірден тағы да көңілім қала ма деп қорқамын. Қазір тек өмір ағымына қарай бейімделіп отырамын. Осылай өмір сүрген оңай секілді. Құдайға шүкір, қыздарым мен ата-анам жанымда", - дейді әншінің жары.

Айта кетейік, осы жылдың наурыз айында әнші мен жары желідегі парақшалары арқылы бір-біріне сәттілік тілеп, қоштасқан болатын. Алайда қос тарап та бұл жазбаларды көп ұзамай өшіріп тастаған.

Әншінің өмірін үнемі бақылауда ұстайтын оқырмандары Алмас пен Мөлдірдің ортақ суреттерін желіден өшіріп тастағанын байқап қойған.

Естеріңізге сала кетейік, Алмас Кішкенбаевтың әндерін біздің MusicNur қосымшасынан тыңдай аласыздар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1761953-almas-kiskenbaevty-jeli-kazirgi-miri-zajly-ajtyp-syryn-aktardy-foto/

pixel