Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары қамауға алынды

Опубликовано:

Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Серік Аманғалиев облыстық соттың санкциясымен екі айға қамауға алынды деп хабарлайды Tengrinews агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ

Фото: inaktau.kz
Фото: inaktau.kz: UGC

Сотта хабарлағандай, күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы туралы өтініш сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ұлттық бюродан келіп түскен.

Хабарламада айтылғандай, Аманғалиев мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүддесіне қарсы аса ірі жемқорлық қылмыс жасады деп күдіктелуде.

Аманғалиев Ақтау әуежайында ұсталған. Шенеуніктен 115 мың еуро тәркіленген екен. Қазір іске қатысты тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

Айта кетейік, Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары ұсталғаны туралы Ербол Еділов өз Telegram парақшасында хабаралаған болатын. Ал Маңғыстау облысы әкімдігі жұмысқа келмеген шенеуніктің қайда екенінен бейхабар екенін жеткізген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1761954-magystau-oblysy-kimini-orynbasary-kamauga-alyndy/

pixel