RU

Лотереядан 198 млн доллар ұтқан әйел жұмысын тастап кетті

АҚШ-тағы Айова штатының тұрғыны жалғызбасты ана Ларин Уэст Powerball лотереясынан 198,1 миллион доллар ұтып алғаннан кейін жұмысынан шығып кеткен. Бұл туралы life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ жазады.

astrabel.lv
Көрнекі фото:astrabel.lv: UGC

Ларин қомақты қаржыны бірден қолына алғысы келгендіктен, оған соманың жартысы ғана берілген. Себебі АҚШ заңнамасына сәйкес қалған сома салық ретінде алынады екен.

Екінші ұтыс билетін Нью-Йорк тұрғыны екені анықталған. Алайда жеңімпазға қатысы әзірге ақпарат жоқ.

"Жеңген кезде барлық жауапкершілікті және оның әсерін түсінесіз, сондықтан жеңілтектіктен бірден арыласыз", - деп сезімдерімен бөлісті Ларин Уэст.

51 жастағы Уэст медициналық сақтандырумен айналысатын компанияда жұмыс істеген екен. Ол өткен аптада жұмыстан шығып кеткенін хабарлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1761963-lotereadan-198-mln-dollar-tkan-jel-zmysyn-tastap-ketti.html