Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жігіттердің төресі": Ләйлә Сұлтанқызы жолдасын жер-көкке сыйғызбай мақтады

Опубликовано:

Ләйлә Сұлтанқызы әлеуметтік желіде күйеуін жер-көкке сыйғызбай мақтады. Танымал тележүргізуші күйеулер күніне орай ел алдында жолдасына деген сезімін білдірген деп жазады NUR.KZ.

Отағасына арналған жүрекжарды жазбасын ол өзінің Instagram парақшасына жариялап қойған.

"Бүгін күйеулер күні дей ме?! Мен де осының желеуімен жігітімді мақтап, сезімімді білдіріп алайыншы. ⠀ Менің жігітім - жігіттердің төресі. Мені қасымен отырғызып, қасымен тұрғызады қасына. Өзімді Ұлы Қытай қорғанының арғы бетінде тұрғандай сезінемін. Көңілдеріңіз көтерілсін деп қалжыңдап жатқаным ғой, егер шын айтар болсам, мен Қайрекеңе өмірімдегі барлық тыныс белгі үшін рахмет айтамын. ⠀ Мені бақытқа бөлеген шақтарың үшін, маған арнаған әдемі мақтауың үшін, дені сау қос ұлым үшін, отағасынан бөлек достығың үшін, қамқор болған көңілің үшін, бізге барлығымызға арнаған өмірің үшін рахмет!" , - деп жазған Ләйлә Сұлтанқызы.

Айта кетейік, 2005 жылы тұрмысқа шыққан Ләйлә Сұлтанқызының бүгінде екі ұлы бар. Тележүргізушінің жұбайы үшін бұл екінші неке.

Бұған дейін, отандық жұлдыз өзінен 12 жас үлкен күйеуі туралы бар шындықты айтып берген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1761967-zigitterdi-tresi-ljl-sltankyzy-zoldasyn-zer-kkke-syjgyzbaj-maktady/

pixel