RU
Айгүл Иманбаеваның белгісіз жігітпен түскен суреті желіде қызу талқыға түсті (фото)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Айгүл Иманбаеваның белгісіз жігітпен түскен суреті желіде қызу талқыға түсті (фото)

Рассказать Вконтакте

Екінші рет тұрмысқа шығатынын айтқалы, Айгүл Иманбаеваның желіге салған әр суреті қызу талқыға түседі. Бұл жолы да актрисаның белгісіз жігітпен түскен суреті оқырмандарының назарынан тыс қалмады деп жазады NUR.KZ.

"Енді құпия ұстай алмаймын. Бұл менің өмірім. Құпиямды айту немесе айтпау өзімнің мәселем", - деп жазып қойған актриса Instagram парақшасына.

Бұл жазбадан соң актрисаға ақ тілегін жаудырғандар мен сұрақ қоюшылар қатары артқан.

"Бақытты болыңыз", "Бір басыңыздың екеу болғанын шын жүректен тілеймін", "Жасырсаңыз да, жасырмасаңызда өмір өзіңіздікі ғой", "Тезірек үйленіңіздер енді", "Бұрын шығып алатын адамсың ғой, жұмбақтап жүрмей" деді тілек білдірушілер.

Ал актрисаны сұрақ астына алушылар "Егер рас болса, жас жігіт сияқты ғой?", "Жігітіңіз өзіңізден 10-15 жас кіші сияқты", деген сұрақтарын жаудырған.

Айта кетейік, осыған дейін Айгүл Иманбаеваның бояусыз түрі желіде қызу талқыға түскен болатын.

Сондай-ақ әнші осыған дейін де белгісіз жігіттермен суретке түсіп, артынша парақшасынан өшіріп тастаған еді.

Естеріңізге сала кетейік, Айгүл Иманбаеваның әндерін біздің MusicNur қосымшасынан тыңдай аласыздар.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
6
3
2
0
0
2
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel