RU
"Роналдудан асып түсті": Мохаммед Салахтың мүсіні әлем назарына ілікті
Жаңалықтар Спорт

"Роналдудан асып түсті": Мохаммед Салахтың мүсіні әлем назарына ілікті

Рассказать Вконтакте

Мысырда Ливерпуль футбол клубының шабуылшысы Мохаммед Салахқа арнап жасалған мүсін тарту етілді деп хабарлайды football24.ua сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

dosug.md

Фото:dosug.md

Бұл "жауһардың" авторы жергілікті мүсінші Әбдел Аллах. Оның туындысын сөзбен айтып жеткізу қиынға соғады, оны тек көру керек.

Мүсіншінің ниеті бойынша, мүсін мақсатқа жетудегі табандылық пен қайсарлық көрінісі болуға тиіс еді.

Осы Англия чемпионаты маусымында 11 кездесу өткізген Салах 5 гол салып, 4 рет ассист жасаған.

Алайда желі қолданушылары мүсін авторын қатаң сыңға алды. Тіпті сыншылардың арасында "Роналдудың мүсінінен де бетер" дегендер болған.

Естеріңізге сала кетейік, Криштиану Роналдуға өзі туып-өскен қала Мадейрода орнатылған ескерткіш те әжуаға айналған болатын.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
0
0
3
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel