RU
Талай мәрте темір тұлпарын соққан Төреғали қазір көлік тізгіндемейтін болған
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Талай мәрте темір тұлпарын соққан Төреғали қазір көлік тізгіндемейтін болған

Рассказать Вконтакте

Үнемі ел назарында жүретін Төреғали Төреәлінің осыдан біраз уақыт бұрын кішкентай қызын көлік рөліне отырғызған видеосы тараған болатын. Алайда әнші қазір көліктің рөліне отырмайтынын ашып айтты. Мұның басты себебі әншінің жолда келеңсіздікке жиі ұшырауында деп жазады НТК арнасының "Ревю" бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Ұлы дала баласы өзінің көлік рөліне отырмағанымен, шебер жүргізуші екенін айтып берді.

"Менің айналамда жүрген жігіттерге көлік айдауды үйреткенмін. Оларға қарап, менің қандай ұстаз екенімді білесіздер. Негізі темір тұлпардың техникасын түсінемін. Бірақ жолда ойланып отырып, тарс ете қалғанда рөлде отырғаным еске түседі. Осылай соға бергеннен соң, рөлге отырмайтын болдым", - дейді Төреғали Төреәлі.
Төреғали Төреәлі. Фото: Видеодан кадр

Төреғали Төреәлі. Фото: Видеодан кадр

Айта кетейік, Төреғали Төреәлінің осыдан біраз уақыт бұрын кішкентай қызын алдына отырғызып, көлік жүргізген видеосы желіге тарап кеткен болатын.

Естеріңізге сала кетейік, Төреғали Төреәлінің әндерін біздің MusicNur қосымшасынан тыңдай аласыздар.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
1
3
0
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel