RU
"Ол тірі": Майкл Джексонның табыты түсірілген видео қызу талқыға түсті
Жаңалықтар Әлемде

"Ол тірі": Майкл Джексонның табыты түсірілген видео қызу талқыға түсті

Рассказать Вконтакте

Майкл Джексонның жиені Ла Тойяның әншінің туған күнінде кесенесінің ішінде түсірген видеосын табынушылары әлеуметтік желіде қызу талқылауда. Майкл Джексонның құлыптасында оның есімі жазылмаған екен. Бұл туралы life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

24smi.org

Фото:24smi.org

Джексонның табынушысы қосымша пікірлер жазылған видеоны Youtube-ке жариялаған.

Пост авторының пікірінше Джексон құлыптасында атының жазылмауы оның ішінде әншінің денесі жоқ екенін дәлелдейді.

"Табыттың ішінде ештеңе жоқ. Оның өлгенін растайтын құжаттар да, мәйітті сойып-ашып көру нәтижелері де күдік туғызады. Ол шындығында өлген жоқ", - деді пост авторы.

point.md

Фото:point.md

Посттың астына жазылған пікірлер де Джексонның табынушылары арасында осы болжамды құптайтындардың көп екенін көрсетеді.

"Дұрыс айтасыз! Егер оны осы жерге жерлесе, неге ештеңе жазбаған?", "Оның тірі екеніне сенемін", - деп жазған табынушылары.

Майкл Джексонның өлімінің жалған екенін табынушылары бұрын айтып, тіпті дәлел де келтірген болатын. Олар құжаттардағы сәйкессіздікті мысалға келтірген. Мысалы, полицияның мәліметтер базасында әншінің өлімі тіркелмеген және қайтыс болу туралы куәлікте қателер жіберілген.

point.md

Фото:point.md

Айта кететін жайт, Майкл Джексонның таспалары соңғы кездері көптеп сатылып, бұрын-соңды болмаған рекордтарды орнатқан. Оның өлімі жалған деген ақпарат осыған байланысты өршіп тұр. Соңғы жылда әнші 400 миллион доллар тапқан. Алты жыл қатар әнші қайтыс болған байлардың тізімінде көшбастап тұр. Поп музыка патшасының әндерін иелену құқы EMI Music Publishing, Mijac Music және Sony компанияларына тиесілі.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
3
6
1
4
0
2
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel