RU
Назарбаев қазақстандықтарды өзге елдерден артта қалмауға шақырды
Жаңалықтар Саясат және экономика

Назарбаев қазақстандықтарды өзге елдерден артта қалмауға шақырды

Рассказать Вконтакте

Елбасы жаңа халықаралық Astana Hub IT-жобалар технопаркінің ашылу салтанатында қазақстандықтарды инновацияны белсенді дамытуға шақырды. Бұл туралы BNews.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Фото: news2world.net

Фото: news2world.net

Президент республикада озық технологияларды дамыту үшін күш-жігерді біріктіру қажеттігін мәлімдеді.

Оның айтуынша, қазақстандықтар тек осылай ғана алға қойған мақсатарына тез әрі тиімді қол жеткізе алады және дамыған елдермен теңдей қозғалатын болады.

"Біз, қазақстандықтар, әлемнен артта қалмауымыз керек. Егер қазір жылдам жүріп бара жатқан пойызға үлгермесек, басқалардың соңында жүреміз. Кеңес Одағы әрдайым басқа елдерді қуып жетуші болды, біз одан да нашар болып кетуіміз мүмкін. Ал біз оны қаламаймыз ",- деді Елбасы.

Президент бүгінде Қазақстан посткеңестік кеңістіктегі көптеген көрсеткіштерде алдыңғы қатарлы мемлекет болып табылатынын атап өтті.

"Бізде барлық мүмкіндіктер бар: қаржылық, техникалық және білім беру болса да. Осыларға кірісейік. Мен елімізді жаңа технологиялық дәуірдің алдыңғы қатарлы позицияларына ілгерілететін жастарға сенемін", - деді мемлекет басшысы.
Тағы да оқыңыздар
Mailfire view pixel