RU
Сот Денис Теннің өліміне күдікті азаматтарды қамау мерзімін тағы созды
Жаңалықтар Қоғам

Сот Денис Теннің өліміне күдікті азаматтарды қамау мерзімін тағы созды

Рассказать Вконтакте

Денис Теннің өліміне қатысы бар азаматтарға қолданылған бұлтартпау шарасы 20 қарашаға дейін созылды. Тергеу жұмыстарына байланысты күдіктілер қамауда тағы 15 күн өткізетін болады. Бұл туралы Алматы қалалық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Фото: Instagram, Коллаж: NUR.KZ

Фото: Instagram, Коллаж: NUR.KZ

Арнайы мамандандырылған ауданаралық тергеу соты Денис Теннің өліміне қатысы бар күдіктілердің қамаудағы уақытын 15 тәулікке созды.

Осы орайда, Қылмыстық кодекстің 192 бабының 2 бөлігі (қарақшылық) мен 99 баптың 2 бөлігі (адам өлімі) бойынша айыпталып жатқан Нұралы Қиясов 18 қарашаға дейін қамауда болады.

Жоғарыда аталған баптармен қатар ұрлық бойынша қылмыстық іс қозғалған Арман Құдайбергеновке қолданылған бұлтартпау шарасы да 15 күнге созылды. Оның қамаудағы мерзімі 19 қарашаға дейін шегерілді.

Оған қоса, Денис Теннің өліміне қатысты істе қылмысты жасырып қалғаны үшін күдіктелініп жатқан Жанар Толыбаеваның бұлтартпау шарасы 22 қарашаға дейін созылған.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel