RU
13 жасар қазақ қызы өз өнерімен Италия жұртшылығын тәнті етті
Жаңалықтар Қоғам

13 жасар қазақ қызы өз өнерімен Италия жұртшылығын тәнті етті

Рассказать Вконтакте

Қазақстандық 13 жастағы қыз Италияда өткен "Premіo Mіa Martіnі" телевизиялық байқауында жеңіске жетті. Вокал бойынша үздіктердің үздігі атанған Аружан Ардаққа жүлдені Калабра қаласының мэрі Марио Ромеоның өзі табыстаған деп хабарлайды "Замана" басылымына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: "Замана" басылымы

Фото: "Замана" басылымы

4 жастан 45 жасқа дейінгі өнерпаздар бағын сынай алатын бұл жобаның ақтық сынына ТМД елдерінің арасынан тек қазақ қызы Аружан Ардақ қана өткен.

13 жасқа дейін біршама жетістіктерге жетіп үлгерген алматылық жасөспірім қазірде "Муззон", "OnTV" және "Музлайф" телеарналарында жүргізуші қызметін атқарып жүр.

Ол тек ән айтып, тележүргізушілікпен айналысып қана қоймай, Мәскеудегі Mercedes Benz Fashіon Week сән апталығына да қатысып үлгерген.
Фото: "Замана" басылымы

Фото: "Замана" басылымы

Ал өнерлі қыздың өзі бұл салаға төрт жасынан бастап келгенін айтады.

"Мен бала кезімнен әнді ұнаттым. Төрт жасымнан анам мені хорға, вокал студиясына, модель агенттігіне берді. Ал мектепте мен музыкалық сыныпта үш жыл сабақ алдым. Онда хор, сольфеджио, фортепиано пәндерін оқыдым. Тоғыз жасымда вокал сабақтарына бара бастадым. Қазір анам өзінің «ARU productіon» деп аталатын продюсерлік орталығын ашты. Сол жерде вокалдан тағы да сабақ алып жүрмін", - деді ол.

Қазақстандық қыздың қатысқан байқауы төрт кезеңнен тұрған. Онда 14 жасқа дейінгі категорияда Румыния, Ресей, Украина және Қазақстан елдерінен ғана қатысушылар келіпті.

Аружан ән айтудан басқа, би билеп, гитара мен фортепианода ойнайтынын да тілге тиек етті.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
1
0
2
5
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel