RU

Балаша күлген қарт әжейдің әрекеті көптің жүрегін елжіретті

Қазақ әжейдің балаша жасаған әрекеті түсірілген видео әлеуметтік желілерге таралып кетіп, көпшілікті сүйсінтті деп жазады NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр: UGC

Видеода әжейдің жақындары суретке түсіретінін айтып, қариядан күлуін өтінген.

Ал әжей сол кезде дауысын шығарып күле бастайды.

Қарияның баладай аңғал көңілі желі қолданушыларының көңілін көтеріп тастаған.

"Бір күліп алдым-ау", "Қарияның өмір жасы ұзақ болсын", "Жүз жасаңыз", "Күлсең, кәріге күл" деген осыдан шыққан шығар".

"Қарт кісінің баладай аңғал болатыны рас-ау", "Көңілім көтеріліп қалды", "Осындай қуаныш сыйлайтын қарттарымыз көп болсын", "Әжеміз жүз жасасын", - деп жарыса жазды желі қолданушылары.

Айта кетейік, видеоның еліміздің қай өңірінде түсірілгені белгісіз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1762037-balasa-klgen-kart-zejdi-reketi-kpti-zregin-elziretti.html