RU
Назарбаев эстониялық премьер-министрмен кездесті
Жаңалықтар Саясат және экономика

Назарбаев эстониялық премьер-министрмен кездесті

Рассказать Вконтакте

Нұрсұлтан Назарбаев Эстония Республикасының премьер-министрі Юри Ратаспен кездесті деп хабарлайды Ақорда.

Назарбаев

Фото: Ақорда

Кездесу барысында тараптар екі мемлекеттің цифрландыру және инновациялық технологиялар саласындағы ынтымақтастығын нығайту перспективаларын талқылады, сондай-ақ, сауда-экономика қарым-қатынастарын дамыту мәселелері жөнінде пікір алмасты.

Мемлекет басшысы «Астана Хаб» ІТ-стартаптар халықаралық технологиялық паркінің ашылу рәсіміне қатысқаны үшін Эстония Үкімет басшысына ризашылық білдірді.

Қазақстан президенті цифрлық технологиялар саласы бойынша Эстонияның тәжірибесі мол екенін атап өтті.

Нұрсұлтан Назарбаев екі ел арасындағы сауда байланыстарын нығайту қажеттігін айтып, экономикалық ынтымақтастықты дамытудың басым бағыттарына тоқталды.

Мемлекет басшысы елімізде іске асырылып жатқан инфрақұрылымдық бағдарламалар мен солардың аясында бой көтеріп келе жатқан нысандар және көлік-транзит әлеуетін арттыру жөніндегі жобалардың нәтижелері туралы айтты.

Сонымен қатар, мемлекет басшысы қайта өңдеу және аграрлық өнеркәсіп, фармацевтика салаларында және экономиканың басқа да секторларында ынтымақтастықты бір жолға қоюдың маңызды екенін атап өтті.

Эстония Республикасының премьер-министрі қонақжайлық көрсеткені үшін Қазақстан президентіне алғыс айтып, өзінің Астанаға алғашқы сапарынан алған әсерін ортаға салды.

"Кеше премьер-министр Бақытжан Сағынтаевпен сындарлы келіссөз жүргіздік. Мен Қазақстанға алғаш рет келіп отырмын. Астананың инфрақұрылымдық нысандарына қарап, елдеріңіздің қалай дамып келе жатқанын көруге болады", – деді Ратас.

Эстония Республикасының премьер-министрі цифрландыру және көлік-логистика салаларында бірлескен жобаларды іске асыруға, сондай-ақ инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделілік танытты.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel