RU
Алматыда жол ережесін өрескел бұзған жігіт сот шақыртуын елемей қойды
Жаңалықтар Қоғам

Алматыда жол ережесін өрескел бұзған жігіт сот шақыртуын елемей қойды

Рассказать Вконтакте

Алматыдағы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты Әл-Фараби даңғылында көлігімен қарсы жолаққа шығып жүрген Әкім Қуаныштың ісін қарады. Бұл туралы соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ порталы хабарлайды.

Фото: Instagram/ kris_p_brothers

Фото: Instagram/ kris_p_brothers

2018 жылдың 22 қазанында шамамен сағат 23:30-да Әкім Қуаныш "Мерседес" көлігін Әл-Фараби даңғылы бойында қарсы жолақта айдаған. Осы әрекеті арқылы азамат өзге көліктердің қозғалысына кедергі келтіріп, апаттық жағдай туғызды.

Әкім Қуаныш ел заңнамасының 596 бап 3-тармағы мен 606 баптың 2-тармағына сәйкес әкімшілік құқықбұзушылық жасаған.

Айта кету керек, жас жігітті сотқа екі рет шақыртқанымен, ол ешбірінде келмепті.

Оған қоса Әкім Қуаныш ағымдағы жылдың мамыр айында да әкімшілік жауапкершілікке тартылған болатын.

Сот азаматтың жасаған іс-әрекетіне қарап, құқықбұзушылыққа дейінгі және кейінгі мінез-құлқын ескере отырып, оны Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 606 бабы, 2-тармағымен кінәлі деп тауып, бір жыл мерзімге көлік жүргізу құқығынан айырды.

Еске салсақ, осыған дейін Әкім Қуаныш жол ережесін бұзғанын видеоға түсіріп, әлеуметтік желі парақшасында жриялаған.

Сіздің реакцияңыз
2
1
0
1
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel