RU
"Қыздан бетер күтінеді": Астанада сұлулық салонына баратын жігіттер көбейген
Жаңалықтар Қоғам

"Қыздан бетер күтінеді": Астанада сұлулық салонына баратын жігіттер көбейген

Рассказать Вконтакте

Астаналық ер азаматтар сән салондарына жиі барып маникюр, педикюр жасатуды сәнге айналдырған. Елордадағы сән салонындарының бірінде жұмыс жасайтын шебердің айтуынша, жігіттер қазіргі уақытта өздерінің түр-келбетіне көп көңіл бөлетін болыпты. Бұл туралы NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Көрнекі фото: LiveJournal

Көрнекі фото: LiveJournal

Астанадағы сән салондарының бірінде жұмыс жасайтын маманның айтуынша, ерлер қауымының арасында маникюр, педикюр жасаушылардың қарасы көбейген.

"Жасыратын ештеңесі жоқ, маникюр, педикюр жасатуға жігіттер де келеді. Тіпті, әйелдермен тең келеді десем артық айтқаным емес. Неге дерсіздер? Себебі, қазір ер-азаматтар да әйелдер сияқты өз-өздеріне көп көңіл бөлуге тырысатын болған.

Әрине, қыздар сияқты тырнақтарын боятпайды, бірақ оны күтіп, әдемі пішінге келтіру үшін бізге келіп жатады.

Кейбірі, ақ түсті шаштарын, сақал-мұрттарын боятуға да келеді. Меніңше, онда тұрған ештеңе жоқ. Кім-кімнің болсын өз-өзіне қарап, күткені дұрыс қой", - дейді шебер.

Сонымен бірге, ол ерлердің қас және бет күтіміне ерекше ден қоятынын атап өтті.

"Қастың пішінін жөндегісі келетін жігіттер де келіп жатады. Сосын, беттегі безеуді тазартуды қалайтындар да көбейген.

Мәселен, косметолог досыма бетіндегі безеуді тазартпақ болған қаншама ер адам келген.

Сондықтан, қазіргі таңда ер адамдар өз-өздеріне күтіп жатса, оның ұяты жоқ деп санаймын.

Заман басқа, заң басқа деуші ме еді? Әйел адамдар сияқты жігіттерге де барлық процедуралар сол бағамен жасалады", - деді маман.
Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
7
3
1
0
1
4
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel