RU

Мұхамбетов қандай көліктермен жүретінін айтып берді

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов қызметтік автопаркінде сол өңірде құрастырылған көліктер бар ма деген тілшілер сұрағына жауап берді деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: ТоболИнфо
Фото: ТоболИнфо: UGC

Әкімнің айтуынша, облыста JAC s3, JAC s5 маркалы көлігімен жүретіндер өте көп екен.

Оның бағасы шамамен 4,2-4,5 миллион теңге тұратын көрінеді.

"Мен өзім "Тайотамен" жүремін, оны маған дейін 2014 жылы сатып алған", - деді ол.

Осыдан кейін Мұхамбетов өзінің қызметтік жеңіл көлігі туралы да айтқанымен, оның қандай маркалы екенін нақтыламады.

"Келесі жылы Қостанайда құрастырылған көліктерді көп ауқымда сатып алатын боламыз", - деп сендірді әкім.  

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1762061-mhambetov-kandaj-kliktermen-zretinin-ajtyp-berdi.html