RU
"Алладан қорқамын": Әуелбекова ұлының әкесімен кездесуіне қарсы емес
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

"Алладан қорқамын": Әуелбекова ұлының әкесімен кездесуіне қарсы емес

Рассказать Вконтакте

Мөлдір Әуелбекова ел алдында күйеуімен ажырасып кеткенін мойындаған болатын. Бұрынғы жұбайының баласын іздемейтінін айтқан әнші ұлының әкесімен кездесуіне қарсы емес деп хабарлайды Астана арнасының "Ел аузында" бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Әншінің желідегі парақшасынан алынды. Коллаж: NUR.KZ

Фото: Әншінің желідегі парақшасынан алынды. Коллаж: NUR.KZ

Әнші өз абыройына нұқсан келтіретін жел сөзге тоқтау қойғысы келетінін жасырмады.

Сонымен қатар, әнші ұлының әкесімен кездесуіне ешқандай қарсылық жасауға қақысы жоғын айтты.

"Мен рұқсат беремін. Алладан қорқамын. Болған оқиға ерлі-зайыптылардың арасында болған жағдай. Бұл жерде баланың еш кінәсі жоқ. Сондықтан рұқсат бермеуге, қарсылық білдіруге хақым жоқ", - деді Мөлдір.

Айта кетейік, бұған дейін Әуелбекова күйеуінің өзін осыдан 1,5 жыл бұрын тастап кеткенін жайып салған болатын.

Ол тіпті сұхбат барысында ұлын ешкімнің іздемейтінін айтып, көз жасына ерік берді.

Мөлдір Әуелбекова осы мәлімдемесі барысында екі жасар ұлын халыққа алғаш рет көрсетті.

Осы оқиғадан көп уақыт өтпей жатып, желіде әншінің бұрынғы күйеуімен бірге баласы Салтайды (ред:әншінің ұлы) ойнатып жүрген видеосы тарады.

Әнші желіге тарап кеткен видеоға қатысты жұрт алдында мәлімдеме жасап, күйеуімен қайта қосылмайтынын ашып айтты.

Естеріңізге сала кетейік, Мөлдір Әуелбекованың әндерін біздің MusicNur қосымшасынан тыңдай аласыздар.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
0
1
5
0
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel