RU

Алматыда көршісін үйсіз қалдырған әйел де баспанасынан айырылмақшы

Әлімбаевтар мен Баерқановтар арасындағы сот тартысы бірнеше айға созылған. Көршілердің бірі екіншісінің үйін заңсыз соғылды деп санап, оны сүріп тастауға қол жеткізген. Енді баспанасынан айырылған әйел көршісін басқаша жазаламақшы деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: inalmaty.kz
Фото: inalmaty.kz: UGC

72 жастағы зейнеткер Сара Баерқанова ағымдағы жылдың тамыз айында баспанасынан айырылған. Оны немере-шөберелерімен қоса өз үйінен шығарып жіберіп, пәтерді сүріп тастаған.

Ол уақытта қария үйін заңды жолмен салғанын дәлелдей алмапты.

Енді ол іске заңгерлер мен жер ісі бойынша құқық қорғаушыларды араластырып, көршісінің үйі де заңсыз тұрғызылғанын дәлелдемекші.

Құқық қорғаушылар Сара Бареқанованың баспанасыз қалуына себеп болған Әлімбаеваның үйімен ара қашықтығын өлшеп көрді.

Нәтижесінде оның үйі көршісінен небәрі 30 сантиметрде орналасықаны анықталған. Ал құрылыс ережелеріне сәйкес, ара қашықтық 3 метрден кем болмауы тиіс дейді мамандар.

Қазір бұл іс сот тәртібімен қаралып жатыр. Оның үкімі 12 қарашада шығады деп күтілуде.

Айта кетейік, зейнеткердің үйі сүрілгеннен кейін көршісі оның жерін де тартып алмақ болған.

Жәбірленушінің айтуынша, көршісі о баста оның жеріне көз тігіп, баспанасынан әдейілеп айырған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1762074-almatyda-krsisin-jsiz-kaldyrgan-jel-de-baspanasynan-ajyrylmaksy.html