RU
БЖЗҚ қаржы құйған банк басшысының әйелінен 193 млн теңгенің әшекейі тартып алынды
Жаңалықтар Қоғам

БЖЗҚ қаржы құйған банк басшысының әйелінен 193 млн теңгенің әшекейі тартып алынды

Рассказать Вконтакте

"Халықаралық Әзірбайжан банкінің" бұрынғы басшысы Джахангир Гаджиевтың әйелі Замира Ұлыбритания астанасындағы қымбат дүкендерден қажетін алып атағын шығарған болатын. Оған тиесілі 400 мың фунттық (шамамен 193 миллион теңге) әшекейлерге сот тыйым салд деп хабарлайды "Орталық Азияның жаңалықтар қызметі".

Замира және Джахангир Хаджиевтар. Фото: BBC/Radio Liberty

Замира және Джахангир Хаджиевтар. Фото: BBC/Radio Liberty

Британдық қылмыспен күрес бойынша Ұлттық бюро шамамен 50 әшекей бұйым тәркілеген. Мамандар Лондонда шалқып өмір сүрген әйелдің байлығы қайдан келгенін тексеріп көріпті.

Осыған дейін құрдымға кеткен банкті басқарған Джахангир Гаджиев алаяқтығы үшін 15 жылға сотталған еді.

Ол банктен 140 миллион доллар жымқырып, қызметін асыра пайдаланды деп айыпталған. Ал жұбайы Замира Әзірбайжаннан кетіп, Ұлыбританияға көшіп келген.

Сот отырысында белгілі болғандай, әйел бір ғана «Harrods» дүкенінің өзінде 10 жыл ішінде 16 миллион фунт (7,7 миллиард теңгеден астам) жаратқан. Ол өте қымбат шараптар, әшекей бұйымдар сатып алған.

Сондай-ақ, Замираның жеке ұшағы мен гольф-клубы, Лондондағы жылжымайтын мүлкі болыпты.

Сот Гаджиевадан осынша байлыққа қалай қол жеткізгенін сұраған. Алайда әйел оған нақты жауап бере алмапты.

Осыдан кейін сот оның активтеріне тыйым салды.

Британдық Ұлттық бюро оның әшекейлерін жарты жылға дейін өзінде сақтауға құқылы.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
0
0
0
0
4
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel