RU

Алматыда ер адам коттеджді ұрланған заттар сақтайтын қоймаға айналдырған (фото, видео)

Алматыда ұрланған заттарды сатып алушы әшкере болды. 33 жастағы ер адам Түркістан облысының тумасы болып шыққан. Ол өзінің коттеджін ұрланған заттар сақтайтын қоймаға айналдырған. Бұл туралы Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Фото:Алматы полиция департаменті
Фото:Алматы полиция департаменті: UGC

Полицейлер Байдаулетовтың үйін тінтіп, сандық техника, смартфондар, тондар, әмияндар және тағы басқа заттар тапқан.

Фото: Алматы полиция департаменті
Фото: Алматы полиция департаменті: UGC

Полицияның ақпараттарына сәйкес тұтқындалған азамат заттарды ұрылардан сатып алып, пайда табу мақсатымен ол заттарды үшінші тұлғаларға сатып отырған.

Сонымен қатар құқық қорғаушылар пәтер тонушы қылмыстық топты да әшкерелеген. Олар өз тауарларын Байдаулетовқа сатып отырған. Пәтер тонаушылар оқу орталығын тонап жатқанда, қылмыс үстінде ұсталған. Ол жерден ұрланған заттардың құны 400 мың теңгеге бағаланып отыр.

Фото: Алматы полиция департаменті
Фото: Алматы полиция департаменті: UGC

Подполковник Ысқақов қылмыстық топ мүшелерінің Алматы және Түркістан облысының тумалары екенін және 26 мен 31 жас аралықтарындағы азаматтар екенін айтып өтті. Олар бұрын да ұрлық пен алаяқтық үшін жауапқа тартылғандар екен. Байдаулетов та бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

Қылмыстық топ мүшелері мен ұрланған тауарды алушы уақытша ұстау изоляторына отырғызылды. Қазір олар алты ұрлыққа қатысы бар деп күдіктелуде, алайда полиция қызметкерлері олардың қылмыстары одан да көп болуы мүмкін екенін жоққа шығармайды.

Күдіктілердің басқа да ұрлықтарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1762097-almatyda-er-adam-kottedzdi-rlangan-zattar-saktajtyn-kojmaga-ajnaldyrgan-foto-video.html