RU
Түркістан облысында 45 жастағы әйел екі баласымен қайтыс болды
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Түркістан облысында 45 жастағы әйел екі баласымен қайтыс болды

Рассказать Вконтакте

Түркістан облысында әйел кісі екі баласымен газдан уланып қайтыс болды. Қайғылы жағдай Сайрам ауданы, Манкент елдімекенінде болған деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Көрнекі фото: fakty.com.ua

Көрнекі фото: fakty.com.ua

Оқиға орнына шақыртылған жедел жәрдем дәрігерлері 1973 жылы туған әйел мен 12 және 9 жасар балалардың өлімін тіркеген.

45 жастағы ана мен екі балақайдың өліміне үйдегі түтінөткізгіштегі ақау себеп болуы мүмкін.

Көгілдір отын тарататын газ қызметінің жедел бригадасы қайғылы оқиға болған үйдегі түтінөткізгішті орнату бұрыс жүргізілгенін анықтаған.

Жылыту қазандығының құбыры (гофра) қабырға арқылы далаға шығартылған. Тексеру кезінде түтінөткізгіш құбырдың жылыту қазандығынан ажырап кеткендігі анықталған.

Жылыту қазандығының өзі де желдетілмейтін ғимаратқа орнатылған екен. Орын алған төтенше жағдайдың себеп салдары арнайы тағайындалған сот-медициналық сараптама нәтижесімен айқындалатын болады.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel