Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дені сау бала өмірге келу үшін жүктіліктің арасы қанша уақыт болу керек?

Опубликовано:

АҚШ ғалымдары баланың денсаулығына нұқсан келмес үшін жүктіліктің арасы қанша уақыт болуы керек екенін анықтаған. Бұл туралы 7mednews сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

uaua.info
Көрнекі фото:uaua.info: UGC

Әйел адамдарды бала денсаулығына нұқсан келмес үшін бірінші және екінші жүктіліктің арасында қанша уақыт өту керек деген сұрақ мазалайды.

Зерттеу нәтижесінде босану мен келесі бала көтерудің арасы бір жарым жыл болғаны абзал екені анықталған. Осы уақыт аралығында ана денсаулығы толығымен қалпына келеді екен. Ал келесі жүктілік ерте болған жағдайда генетикалық ауытқулар қаупі артып, жүктілік ауыр өтеді екен.

Ғалымдар мың жарым нәрестені зерттеген. Олардың жартысынан көбі аутизммен немесе дамудағы ауытқуларға шалдыққан.

Зерттеу нәтижелеріне сәйкес екі жүктіліктің аралығы неғұрлым қысқа болса, бала жолдасының ажырауы, мерзімінен бұрын босану, сонымен қатар нәрестеде әртүрлі ауытқуларға шалдығу мүмкіндігі артады екен.

Тағы бір ескертетін жайт, әйел адамның жасы ұлғайған сайын ұрық пен жүктілік патологиясы арта түседі екен. Сондықтан жүктілік арасындағы бір жарым жылдық үзіліс 45 жасқа дейінгі әйелдерге қатысты мерзім. Бұл жастан асқан әйелдер үшін нешінші жүктілік болса да, ауытқулар мүмкіндігі артады екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/1762102-deni-sau-bala-mirge-kelu-sin-zktilikti-arasy-kansa-uakyt-bolu-kerek/

pixel