RU
Алматы облысында құрылысшы үй иесін өлтіріп, мәйітін бетондап тастаған
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Алматы облысында құрылысшы үй иесін өлтіріп, мәйітін бетондап тастаған

Рассказать Вконтакте

Алматы облысының Көксай саяжайында 40 жастағы азамат өзі құрылысшы болып жалданған үйдің иесін айуандықпен өлтіріп, жаңа салынып жатқан монша ішіне көміп, үстін бетондап тастаған. Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды.

Кадр КТК арнасындағы виедодан алынды

Кадр КТК арнасындағы виедодан алынды

Оқиға он күн бұрын болған. Құрылысшы болып жалданған ер адам мен үй иесінің арасында жанжал туып, ер адам үй иесін балтамен ұрып өлтірген. Қылмысын жасыру мақсатымен қаскүнем мәйітті жаңа салынып жатқан моншаның ішіне көміп тастаған.

Ең сұмдығы қылмыскер көмекке келген марқұмның інісіне монша еденіне бетон құйғызыпты.

"Туған інісіне үстінен бетон құйғызған ғой. Бетонды өзі дайындап беріп тұрған. Олар сол күні асар жасауы керек болған", - деді саяжай тұрғыны Райгүл Данова.

Осындай жауыздыққа барған қылмыскер келесі күні ізін суытқан. Екі адамның арасында жанжал неден туғанын ауылдастары айтып берді.

"Мен оларға жаз бойы тамақ дайындап беріп жүрдім. Құрылысшы жігіт мына монша мен үйдің бір бөлігін көтерген. Олар ақшаға келіспей қалған", - деді Райгүл Данова.
Кадр КТК арнасындағы виедодан алынды

Кадр КТК арнасындағы виедодан алынды

Отағасын іздеген әйелі үй қабырғасынан қан іздерін байқап, ауланы тексере бастапты. Екі күннен кейін мәйітті моншадан тапқан екен. Туған ағасының үстіне бетон құйғанын білген інісі өзін қоярға жер таппаған.

Ізін суытпақ болған қылмыскер Түркістан облысында құрықталған. Қазір бұл оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды.

"Қазір күдікті Есік қаласына жеткізілді. Ол Еңбекшіқазақ ауданының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық кодекстің 99-шы бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - деп мәлімдеді Алматы облысының полиция департаментінің өкілі.

Дереккөз КТК арнасы

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
4
7
2
1
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel