RU

Алматыда ашуға булыққан кондуктор автобус жолаушысын соққыға жықты (видео)

Алматыда ашуға бой алдырған автобус кондукторы қарт жолаушыға жұдырық ала жөнеліп, оны соққыға жықты деп жазады NUR.KZ.

Фото: Скриншот
Фото: Скриншот: UGC

Оқиға орнынан түсірілген видео Instagram желісіндегі almaty_dtp парақшасында жарияланған.

Бейнежазбада жас жігіттің қарт жолаушыны автобустан итеріп шығарып, оған соққы жаудырғаны көрініс тапты.

Қарт адамды кондуктордың соққысынан оқиға куәгерлері аман алып қалған. Сол жерден өтіп бара жатқан адамдар ашуға булыққан жас жігітті тоқтатып, жолаушыға көмектескен.

Видео авторның мәлімдеуінше, оқиға күні кеше № 57 автобуста орын алды. Екі азаматтың өзара келіспеушілігіне не себеп болғаны әзірге белгісіз.

Қалалық автопарк та әлі оқиғаға қатысты мәлімдеме жасаған жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1762133-almatyda-asuga-bulykkan-konduktor-avtobus-zolausysyn-sokkyga-zykty-video.html