RU

Ауа райы: Еліміздің кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады

Бүгін, 7 қарашада еліміздің бірқатар аймағында атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

Ауа райы: Еліміздің кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады
Көрнекі фото: bnews.kz: UGC

Синоптиктердің болжамынша, Қазақстанның батыс өңірлерінде ғана ауа райы жауын-шашынсыз болады.

Кей жерлерде екпінді жел соғып, тұман түсіп, көктайғақ болады деп күтілуде. Ал солтүстікте жаяу бұрқасын соғады.

Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында тұман және көктайғақ болады, желдің жылдамдығы секундына 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Ақмола облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын болады.

Алматы, Түркістан облыстарында жел 15-20 м/с-қа дейін күшейіп, түнде Алматы облысының кей бөліктерінде тұман түседі.

Қарағанды, Павлодар облыстарында тұман түсіп, көктайғақ болады. Күндіз Қарағанды облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с жылдамдықпен ұйтқиды.

Қызылорда, Жамбыл, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарында тұман түсуі мүмкін. Күндіз Жамбыл облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1762134-aua-rajy-elimizdi-kej-zerlerinde-tman-tsip-kktajgak-bolady.html