Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Вице-премьер саз балшық көтертіп жазалаған шенеунік түрмеге түсті

Опубликовано:

Ташкент облысында бұрынғы вице-премьер Зойир Мирзаевтың алдында саз балшық көтеріп, жазаға тартылған шенеунік сол күні-ақ түрмеге түскен деп жазады Сentralasian.org.

Вице-премьер саз балшық көтертіп жазалаған шенеунік түрмеге түсті
Фото: centralasian.org: UGC

Kun.uz сайтының мәліметінше, абақтыға жабылған азаматтың жанұясы екі күн өткен соң ғана оның қайда екенін анықтаған.

"Маған аудандық прокуратурадан хабарласқаннан кейін оның түрмеде отырғанын білдік. Олар жұбайыма жылы киім әкелуімді сұрады. Артынша әлеуметтік желі беттерінен қолдарына саз балшық ұстаған ер адамдардың арасында күйеуімнің де баре кенін көріп, не болғанын түсіндім", – дейді шенеуніктің әйелі.

Анықталғаны, экс вице-премьер жазалаған шенеунік "қызметін асыра пайдаланды", "пара берді" деген айыптармен қамауға алыныпты.

Ал аудандық прокуратура бұған ғаламторда кеңінен тараған суреттің қатысы жоқ екенін алға тартты.

Айта кетерлігі, 27 қазан күні желіде алты ер адамның қолдарына құрғаған балшық бөлшектерін көтеріп тұрған суреті жарияланған. Кейін белгілі болғандай, суреттегі адамдардың бәрі жергілікті шенеуніктер болып шығыпты.

Сол кездегі вице-премьер Зойир Мирзаев оларды суретке түсіріп, өзге аймақтың шенеуніктеріне "сабақ болу үшін" таратуды бұйырған екен. Бұрынғы вице-премьер осы әрекеті үшін қызметінен алынды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1762139-vice-premer-saz-balsyk-ktertip-zazalagan-seneunik-trmege-tsti/

pixel