RU
Семейде серозды менингит жұқтырған екі бүлдіршін ауруханада жатыр
Жаңалықтар Денсаулық және сұлулық

Семейде серозды менингит жұқтырған екі бүлдіршін ауруханада жатыр

Рассказать Вконтакте

Семейдегі “Жұлдыз-Ардақ” балабақшасында екі бүлдіршін серозды менингит инфекциясын жұқтырған. Бұл туралы қалалық Қоғамдық денсаулықты қорғау басқармасының бас маманы Динара Тлекина мәлімдеді деп хабарлайды Аltaynews.kz.

циифф

Көрнекі фото: www.unn.com.ua

"Бұл жыл сайын тіркелетін көрініс, биыл былтырғыдан әлдеқайда төмен. Инфекция су немесе азық-түлік өнімдері арқылы жұғуы мүмкін.

Қалада эпидемия өріс алды деп айта алмаймыз. Соңғы 10 айда 51 сырқат анықталып отыр. Бұлар негізінен мектепке дейінгі, мектеп жасындағы балалар. 

Серозды менингитті менингокок инфекциясымен шатастыруға болмайды. Бір жыл ішінде аз ғана бала ауырып қалғандықтан бұл инфекцияға карантин жарияланбайды.

Сырқат балалар назарда болады. 20 күн бойы оларды қадағалап отырамыз. Ауру анықталған жерлерге дезинфекция жасалады", -деді Динара Тлекина.

Анықталғаны, «Жұлдыз-Ардақ» балабақшасынан 3 бала ауруханаға түскен, оның ішінде тек 2-еуі серозды менингитке шалдыққан. Олардың қалай жұқтырғаны тексеріліп жатыр.

"Көбіне ересектерден жұғуы мүмкін. Бір балаға жәй суық тиіп қалған. Үшеуінің де жағдайы жақсы, денсаулықтары түзеліп келеді", - деді қаланың бас инфекционисі Эльвира Исабаева.

Қазір «Жұлдыз-Ардақ» балабақшасына бала қабылдау тоқтатылып, толық санитарлық тексеріс жүргізіліп жатыр.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
1
1
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel