RU
Қостанай тұрғынын бопсалаған полицей 10 миллион теңге талап еткен
Жаңалықтар Қоғам

Қостанай тұрғынын бопсалаған полицей 10 миллион теңге талап еткен

Рассказать Вконтакте

Қостанай қаласында тұтқындалған полицей қала тұрғынынан 10 миллион теңге бопсалаған. Бұл ақшаны не себепті талап еткені әзірге белгісіз. Бұл туралы "31 арна" хабарлайды.

rus-img2.com

Фото:rus-img2.com

Қостанайлық жол инспекторын адам бопсалады деген күдікпен тұтқындағаны анықталды.

Құзырлы мекемеге әйел адам осындай шағыммен келген екен. Тәртіп сақшысы тұтқындалып, изоляторға қамалды.

Оның қомақты ақша - 10 миллион теңге сұрағаны анықталған. Алайда бұл сома қандай қызметі үшін берілуге тиіс екенін полиция өкілдері құпия ұстап отыр.

31 арнаның видеосюжетінен скриншот

Фото:31 арнаның видеосюжетінен скриншот

Телеарна тілшілері қандай жол ержелері бұзылғаны үшін жол патрульдық полиция қызметкері мұндай соманы талап етуі мүмкін екенін сарапшылардан сұрап, анықтамақ болған.

"Автоэксперт" журналының бас редакторы Алексей Алексеевтің айтуынша, ешқандай жол жүрісі қағидасын бұзу мұндай ақша тұрмайды екен. Тек жаяу жүргіншіні қағып өлтірген жағдай болмаса.

"Біз сені қорғаштаймыз. Сені таппадық деп айтамыз, бірақ сен бізге 10 миллион бер" деп бопсалауы мүмкін. Бұл көп ақша, бірақ қылмыстық жауапкершілікке тартпаймын деп ол осындай соманы талап етуі мүмкін", - деп сөзін қорытындылады сарапшы.

Дереккөз: 31 арна

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
1
1
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel