RU
Рүстем Нұржігіт пен Динара Сәтжанды не байланыстырады?
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Рүстем Нұржігіт пен Динара Сәтжанды не байланыстырады?

Рассказать Вконтакте

Рүстем Нұржігіт пен Динара Сәтжанның желіде тарап кеткен суреттері екеуінің де оқырмандарын ойландырып тастады. Ал олардың қосыла вальс билеген видеосын көрген көпшілік шоу-бизнес өкілдерін бірден жұптастырып қойған деп жазады NUR.KZ.

Екі жұлдыздың би билеп жүрген сәтін өз парақшасына әншінің әпкесі, танымал тележүргізуші Дана Нұржігіт те жүктеп қойды.

Желідегілер олардың жиі көрісуінің себебін біле алмай әлек болған. Алайда оқырмандардың Рүстем мен Динараның қарым-қатынасы жөніндегі болжамы расталмай шықты.

Анықталғандай, желіде тарап кеткен аталмыш суреттер мен видеолар бейнебаян түсірілімі барысында жасалған. Динара Сәтжан әнші Рүстем Нұржігіттің клипінде басты рөл сомдайтын болып шықты.

Бұған қарамастан, желі оқырмандары әншінің өз бейнебаянында сүйіктісін ойнауға танымал тележүргізушіні таңдауы бекер емес деп ойлауда.

Естеріңізге сала кетейік, Рүстем Нұржігіттің әндерін біздіңMusicNur қосымшасынан тыңдай аласыздар.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
3
1
1
3
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel