RU
Қарағандылық шенеуніктер сатушыларды бағаны көтеруге мәжбүрлеп отыр
Жаңалықтар Қоғам

Қарағандылық шенеуніктер сатушыларды бағаны көтеруге мәжбүрлеп отыр

Рассказать Вконтакте

Қарағанды облысында базар сатушылары шенеуніктердің өздерін азық-түлік бағасын көтеруге мәжбүрлейтінін айтты деп хабарлайды 31 арна.

Фото: Видеодан кадр/ 31 арна

Фото: Видеодан кадр/ 31 арна

Абай ауданында коммуналды базар жергілікті әкімшіліктің қолдауымен ашылған. Расымен, мұнда азық-түліктер қала бойынша ең төменгі бағада сатылады. Мысалы, картоп 50 теңгеден болса, пияз 65 теңге, ал жұмыртқа 210 теңгеден болған.

Осы уақытта кәсіпкерлер тек қана жарыққа, тазалық жұмыстары мен құрылысқа ғана ақша төлеп отырған екен.

Бүгінгі күнге дейін халыққа жалға алудың ақысын төлеу міндеттелмепті.

Фото: Видеодан кадр/ 31 арна

Фото: Видеодан кадр/ 31 арна

Алайда сатушылар жақында коммуналды базардың жекеменшік қолға берілгенін естіпті. Оларға жаңа жалға алу ақысы көрсетілген келісімшарттар да ұсынылған екен. Ал бұл сома әркімде әрқалай болғанымен, мөлшері айтарлықтай жоғары болып шығыпты.

Аталған базарда Виталий Тарасов жұмыртқа сатады. Жаңа келісімшарт бойынша ол айына үш метр шақырымға 80 мың теңге төлеуі қажет екен. Бұл шартпен келіспеген азамат келісімге қол қоюдан бас тартыпты.

"Кім басқарса да, қала әкімі, аудан әкімі болса да, оларға халықтың жағдайы маңызды емес деп ойлаймын. Біз жалға берілген орынға осынша ақы төлеген соң қалайша бағаны төмендетіп ұстап тұра аламыз?",- деді ол.

Осы орайда Абай аудандық кәсіпкерлер бөлімі ғимараттың жағдайы бюджетпен қамтамасыз етілмегенін айтты. Олардың сөзінше, базар 10 жылға сенімді қолға тапсырылған екен.

Шенеуніктер базардың коммуналды болып қала беретінін алға тартты. Ол кейбір азық-түліктердің бағасын бақылайтындарын айтты.

Дегенмен кәсіпкерлердің ісіне биліктегілердің араласуға құқығы жоқ. Олар азық-түлік бағасын көтеру мен төмендету туралы да шешімге әсер ете алмайды. Бұл қаладағы ең төмен бағадағы базардың енді қымбаттауы мүмкін екенін көрсетеді.

Дереккөз: 31 арна

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel