Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шашын ерлерше қиып, күлгін түске бояған қазақ қызы желіні жарды (видео)

Опубликовано:

Ғаламторда анасымен видео түсіріп танылған Гүлмира Ізбасқанова атышулы "91" тобының әнін орындап, желіні жарды. Бес жігіттің орындауындағы өлеңді бір өзі айтып шыққан бойжеткенге көпшілік тәнті болды деп жазады NUR.KZ.

Гүлмира Ізбасқанова отандық бағдарлама аясында "Ninety one" тобының "Аяма" әнін орындаған.

Желіде анасымен өлең айтып танымалдылыққа ие болған бойжеткен көпшілікті таңғалдырды. Әдетте терме және той әндерін айтатын ару өзін жаңа қырынан танытты.

Көрермендер оның бес әнші қосылып айтатын әнді жалғыз өзі шебер орындап шыққанын жоғары бағалады.

"Тамаша, талантты жансың. Өнерің өрге жүзсің", "Қандай керемет орындау, бар сезіммен жеткізе алдың", "Жарайсың, ән ұнамайтын еді. Бірақ сенің айтқаның ерекше" , - деп жазды оқырмандар.

Гүлмираға мақтау сөздерін жаудырған желі қолданушыларымен қатар, оның стилін сынға алғандар да болды.

"Қазіргі таңда, қыздар ерлерге еліктейтін болып кеткен", "Онсыз да қысқа шашты тағы тақырлапты", "Дым ұнамайды. Не қыз емес, не ұл емес. Түк жарасып тұрған жоқ" , - деп өз наразылығын жеткізді желідегілер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1762168-sasyn-erlerse-kiyp-klgin-tske-boagan-kazak-kyzy-zelini-zardy-video/

pixel