RU
Қазақстанда латын қарпімен бүкілхалықтық диктант жазылмақшы
Жаңалықтар Қоғам

Қазақстанда латын қарпімен бүкілхалықтық диктант жазылмақшы

Рассказать Вконтакте

Қазақ әліпбиінің латыншаға ауысуына байланысты Мәдениет және спорт министрлігі бүкілхалықтық диктант ұйымдастыруды жоспарлап отыр деп хабарлайды Астана әкімдігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: Zakon.kz

Көрнекі фото: Zakon.kz

Бас қалада диктант 14 қараша күні сағат 10:00-ден басталады. Оған 15 жасқа толған барлық тұрғындар қатыса алады. Шарада 50 мыңнан астам халық бой көрсетеді деп жоспарлануда. Диктантты жазу бір күнде және бір уақытта жүргізіледі.

Диктанттың бекітілген мәтіні (80-90 сөз) аудиожазбалар арқылы таратылып, "Шалқар" және "Қазақ радиосы" эфирінен берілетін болады.

Диктант арнайы дайындалған орындарда 30 минут ішінде жазылады.

Сондай-ақ, ұйымдастырушылар шараға қашықтықтан қатысуға ниет білдіргендер үшін компьютер немесе смартфон арқылы белгіленген уақытта emle.kz және tilalemi.kz сайттарына кіріп, аудиожазбаны тыңдауға және диктантты жазуға мүмкіндік туғызып отыр.

Диктантты жазып аяқтаған соң аталмыш сайттарда оның дұрыс нұсқасы мен бағалау парағы жарияланады.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
2
0
0
0
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel