RU

Астанада бильярд ғимараты өртеніп кетті

Астанадағы бильярд ғимаратында өрт шықты деп хабарлайды Қазақстан Республикасы ІІМ ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: MIGnews.com
Көрнекі фото: MIGnews.com: Instagram

7 қараша күні 09:29-да өрт сөндіру қызметіне Астана қаласы Байқоңыр ауданы Асан Қайғы көшесінде екі қабатты ғимараттың өртеніп жатқаны туралы хабар келіп түскен. Шұғыл көмек қызметі шақыру орнына 09:34-те жетеді.

Бильярд ғимаратының бірінші қабатында жиһаздар жанып, әрмен қарай қызыл жалын бөлменің төбесіне де өтіп, 80 шаршы метр аумақты шарпыған.

Тілсіз жау 09:56-да толықтай алауыздықталды. Зардап шеккендер тіркелмеген.

Өртті сөндіруге Астана қалалық Төтенше жағдайлар департаментінен 22 адам мен 5 арнайы техника жұмылдырылған. Оған қоса жеке құрамнан 1 техника мен 3 адам көмекке келген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1762181-astanada-bilard-gimaraty-rtenip-ketti.html