Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Оған көмектесіңдер": Назарбаев Сағынтаевпен әзілдесті (видео)

Опубликовано:

"Астана ХаБ" IT-жобалары инновациялық паркінің ашылу салтанатында жастармен тілдескен Нұрсұлтан Назарбаев премьер-министр Бақытжан Сағынтаевпен әзілдесті. Бұл туралы Ақорданың Instagram парақшасына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр: UGC

"Астана ХаБ" ашылуына барған Елбасы қазақстандық стартап-компаниялардың жобаларымен танысып, жас кәсіпкерлермен тілдесті.

Олардың бірі мемлекет басшысына шет тіліне үйрететін жаңа оқу технологиясын таныстырды.

"Премьер-министр қазір белсенді түрде ағылшын тілін оқуда. Оған көмектесіңдер",- деді Елбасы Бақытжан Сағынтаевты алға шығарып.
"Әрине, Нұрсұлтан Әбішұлы, орындаймыз",- деп жауап берді жас стартапшы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1762205-ogan-kmektesider-nazarbaev-sagyntaevpen-zildesti-video/

pixel