RU
Ғалымдар ішімдіктің тек жақсы оқиғаларды есте сақтауға көмектесетінін анықтады
Жаңалықтар Калейдоскоп

Ғалымдар ішімдіктің тек жақсы оқиғаларды есте сақтауға көмектесетінін анықтады

Рассказать Вконтакте

АҚШ-тағы Браун университетінің нейробиолог мамандары ішімдіктің жаман естеліктерден құтылуға көмектесетінін дәлелдеді. Ғалымдар оған арнайы ауқымды зерттеудің арқасында көз жеткізген деп жазады segodnya.ua сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: pixabay

Фото: pixabay

Зерттеу жұмысы шыбындарға жүргізілген. Адамдарда 100 млрд болатын нейрондар саны оларда тек 100 мыңды құрайды. Сол себепті, шыбындар ғылыми жобаға қолайлы зерттеу нысана болып отыр.

Зерттеу барысында ғалымдар шыбындарды ішімдікті табуға үйретіп, артынан оған тәуелді болуға жауапты гендерді өшіріп тастады.

Нәтижесінде, олардың арасында адам миының дамуына үлес қосатын геннің бар екені анықталды. Оның құрамындағы D-2 рецепторы болса өз кезегінде естеліктің жақсы не жаман түрде қабылдануына жауап береді.

Ғалымдардың мәлімдеуінше, ішімдік адамдардың естеліктерді қабылдау жүйесінің жұмысына тікелей әсер етеді. Зерттеушілердің есептеуінше, шараптың үш стақаны адамның естелікті қабылдауын бір тәулікке өзгертуге қауқарлы.

Алайда, естеліктердің қай бағытта өзгеруін мамандар нақты айта алмайды. Бірақ та ішімдік тәуелділігіне жүргізілген зерттеу жұмысы естеліктердің жақсы жаққа өзгеретінін көрсеткен.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
0
0
1
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel