RU

Доллар бағамы айырбастау орындарында 373 теңгеге көтерілді

Қазақстан қор биржасындағы шетелдік валюта саудасының таңғы сессиясы қорытындыланды деп хабарлайды NUR.KZ.

Көрнекі фото: 7kun.kz
Көрнекі фото: 7kun.kz: Getty Images

Таңғы сессия қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағасы 370,86 теңгеге тұрақтады. Америкалық валюта бар болғаны 0,01 теңгеге қымбаттаған.

Таңғы сессияға 17 нарық мүшесі қатысып, сауда көлемі 22,2 миллион долларды құраған.

Kurs.kz сайтының мәліметінше, қазақстандық ақша айырбастау орындарында доллар 372 теңгеден 373 теңгеге дейін саудалануда.

Скриншот : Kurs.kz
Скриншот : Kurs.kz: UGC

Скриншот : Kurs.kz
Скриншот : Kurs.kz: UGC

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1762214-dollar-bagamy-ajyrbastau-oryndarynda-373-tegege-kterildi.html