RU
Алматы қаласында қоғамдық кеңес мүшесіне шабуыл жасалды (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Алматы қаласында қоғамдық кеңес мүшесіне шабуыл жасалды (фото)

Рассказать Вконтакте

Алматы қаласындағы Көк базар маңында белгісіз біреулер қоғамдық кеңес мүшесі Думан Қапасовқа шабуыл жасады. Бұл туралы ер адам өзінің Facebook парақшасында жазған деп хабарлайды NUR.KZ.

go32.ru

Көрнекі фото:go32.ru

Алматы тұрғынының сөзінше, ол базар маңында қоғамдық мониторинг жүргізіп жүрген.

Сол кезде белгісіз біреулер оған тап беріп, телефонын тартып алмақ болыпты.

"Содан кейін мына көк күртешедегі жігіт мені желкемнен ұстап алып, қоқан-лоққы көрсетіп, басқа жерге барып бәрін шешуді ұсынды. Оның сөздері мен іс-әрекеттері қылмыстық әрекетке баратынын, ойланбастан адамды соққыға жығатынын көрсетті", - деп жазды қоғамдық кеңес мүшесі.

Ер адамның айтуынша, қоқан-лоққы көрсеткен жігіттің сыбайластары оны қоршауға алып, түсірген суреттерді өшіруін талап еткен.

Қоғамдық кеңес мүшесі құқық қорғау органдарына арыз жазды.

Тәртіп сақшылары бұзақыларды жауапқа тарту үшін тұлғаларын анықтау жұмыстарын жүргізіп жатыр деп жазды Zakon.kz сайты.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel