RU
Алматыда Денис Теннің мемориалды тақтайшасы ашылды (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Алматыда Денис Теннің мемориалды тақтайшасы ашылды (фото)

Рассказать Вконтакте

Алматыда атақты қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің мемориалды тақтайшасы ашылды. Салтанатты рәсімге спортшының Ресейдегі жаттықтырушысы Татьяна Тарасова арнайы келіп қатысқан деп хабарлайды Sputnik Қазақстанға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Sputnik / Тимур Батыршин

Фото: Sputnik / Тимур Батыршин

Мемориалды тақтайша Назарбаев даңғылындағы Денис Тен тұрған 46-үйдің қабырғасына орнатылған. Оның салтанатты ашылу рәсіміне келген қонақтар спортшы туралы жақсы естеліктерімен бөлісіп, көздеріне жас алды.

"Денис тек осы елде тұрып, Қазақстанның ғана атын шығарғысы келді. Ол елін әлемге танытты. Миллиондаған адам оның өнерін тамашалаған соң картадан Қазақстан деген елді іздейтін", - дейді Тарасова.
Татьяна Тарасова мен Денистің анасы Оксана Тен. Фото: Sputnik / Тимур Батыршин

Татьяна Тарасова мен Денистің анасы Оксана Тен. Фото: Sputnik / Тимур Батыршин

Шетелдік жаттықтырушының айтуынша, ол Дениспен өткізген әрбір сәтін ерекше бағалайтын көрінеді.

"Ол ұзақ уақыт бойы Мәскеуде Лена Водорезовамен бірге жаттығатын. Лена кейде мені шақырып, оған көмектесіп жүрдім. Бұл ерекше бақыт болатын... Осындай талантты адаммен уақытты өткізу үшін әрбір жаттығуға асығып баратынмын", - дейді ол.

Ал Ресей Федерациясының бас елшісі Евгений Бобров жарық жұлдызды орыс жұрты ешқашан ұмытпайтынын жеткізді.

"Денисті ортақ мақтанышымыз деп білеміз. Оның қазасы баршамызды дүр сілкіндірді. Біз, ресейліктер, оны үнемі есімізде сақтаймыз", - деді елші.

Осы орайда Алматы қаласының әкімдігі жақын арада Денис Теннің атына турнир ұйымдастырылатынын мәлім етті.

Еске салсақ, Денис Тен 19 шілде күні Алматыдағы орталық көшелердің бірінде қаскөйлер қолынан қаза тапты.

Мәнерлеп сырғанаушы өз көлігінің айнасын ұрлап жатқан жігіттерді тоқтатпақ болғанда, оны бірнеше жерінен пышақтап кеткен.

Алған жарақатының салдарынан үш литр қан жоғалтқан спортшыға орталық қалалық ауруханада ота жасалды. Дәрігерлер спортшының өмірі үшін барынша күрескенімен, оны аман алып қалу мүмкін болмады.

Кейінірек Алматы қалалық ІІД Денисті пышақтап кеткен бұзақылар туралы ресми мәлімдеме жасаған болатын.

Фото: Sputnik / Тимур Батыршин

Фото: Sputnik / Тимур Батыршин

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
1
1
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel