RU
Ақбота Керімбекова күйеуімен ажырасып кеткен Мөлдірге қолдау білдірді
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Ақбота Керімбекова күйеуімен ажырасып кеткен Мөлдірге қолдау білдірді

Рассказать Вконтакте

Үшінші некесі де сәтсіз аяқталған Ақбота Керімбекова әріптесі Әуелбекованың ажырасқанына қатысты өз пікірін білдірді. Бұл туралы 31 арнаның "Айта берсін" бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ жазады.

Керімбекова, Әуелбекова. Фото: Әншілердің Instagram парақшасынан алынды. Коллаж: NUR.KZ

Керімбекова, Әуелбекова. Фото: Әншілердің Instagram парақшасынан алынды. Коллаж: NUR.KZ

Әріптес сіңлісіне бақыт тілеген Керімбекова әрқашан бақытқа ұмтылу керектігін айтты.

"Кім бақытты болғысы келмейді дейсіз? Мөлдірдің ісі дұрыс немесе бұрыс деп айта алмаймын. Бақытты болуға тырысасың ғой. Сондықтан қолдан келгенше жамандығын жасырып, жақсылығын асыру керек.
Мен Мөлдір сіңлім жайлы жаман нәрсе айта алмаймын. Бір рет "ұрындым" деп, түңілуге болмайды. Ұлы бар. Отбасының бүтін болғаны жақсы. Сұрағыңыз өте қиын. Мықты болуға тырысу керек", - деді Ақбота Керімбекова.

Айта кетейік, күні кеше Ақбота Керімбекова өзінің отбасы құрудан аузы күйгенін ел алдында жайып салған еді.

Сондай-ақ әнші "Ойбай Life" бағдарламасында өзінің үшінші күйеуі мен балалары жайлы айтып, жан сырын ақтарған болатын.

Естеріңізге сала кетейік, Ақбота Керімбекованың әндерін біздің MusicNur қосымшасынан тыңдай аласыз.

Сіздің реакцияңыз
4
2
1
8
1
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel