RU
Талдықорған әкімінің бұрынғы орынбасары 12 жылға сотталды
Жаңалықтар Саясат және экономика

Талдықорған әкімінің бұрынғы орынбасары 12 жылға сотталды

Рассказать Вконтакте

Алматы облысында Талдықорған әкімінің бұрынғы орынбасары пара алғаны үшін 12 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Көрнекі фото: all-news.net

Көрнекі фото: all-news.net

"Сот үкімі бойынша Әсет Шаяхметов Қалиханұлы Қылмыстық кодекстің 366-бабының 4-бөлігі және 218-баптың 3-бөлігі 1-тармағы бойынша кінәлі деп танылды. Алғашқы бап бойынша (көп мөлшерде пара алу) ол 11 жыл бас бостандығынан айырылды. Одан бөлек, шенеунік мемлекеттік қызметтер мен органдарда жұмыс істеу құқығынан айырылды және қылмыстық жолмен келген дүние-мүліктерінің тәркіленді", - де хабарланды Алматы облыстық сотының баспасөз қызметі.

Ал қылмыстық жолмен алынған ақша мен мүлікті заңдастыру жазасын көздейтін екінші бап бойынша бұрынғы әкім орынбасарына үш жыл бас бостандығынан айыру үкімі тағайындалды.

"Қылмыстық кодекстің 58- бабы, 3- бөліміне сәйкес жазаларды ішінара қосу арқылы азаматты 12 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды", - деді облыстық сотта.

Шаяхметов жазасын қатаң режимдегі колонияда өтейтін болады. Үкім әлі заңды күшін енген жоқ.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
1
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel