RU
Ақтөбедегі оқушы өліміне қатысты денсаулық сақтау министрлігі пікір білдірді
Жаңалықтар Қоғам

Ақтөбедегі оқушы өліміне қатысты денсаулық сақтау министрлігі пікір білдірді

Рассказать Вконтакте

Бүгін Денсаулық сақтау министрі қоғамдық денсаулық сақтау комитеті төрайымының орынбасары Лаура Ахметниязова Ақтөбедегі оқушы өліміне қатысты пікір білдірді деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Ведомство өкілінің айтуынша, қазіргі таңда жеткіншектің өліміне қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

"Қыз баланың анасы жедел-жəрдем шақырған. Онда баланың дене қызуының көтеріліп, талып қалды деп айтқан. Жедел-жəрдем диспетчері төртінші деңгейлі шақырту деп есептеген. Мамандар келіп жеткенше, қыз бала көз жұмған", - дейді маман.

Сонымен бірге ол, қазіргі таңда сот-медициналық сараптама жүріп жатқанын алға тартты.

"Диспетчер төртінші деңгейлі көмек деп есептеген, алайда шынтуайтында бірінші деңгейлі көмек қажет болған. Яғни, мұндай жағдайда заң бойынша 10 минуттың көлемінде жедел-жəрдем келуі керек еді. Мəселемен құзырлы органдар айналысады. Балақайдың ата-анасына қайғыра көңіл айтамыз", - деді министрлік өкілі.

Еске сала кетейік, Ақтөбеде дене қызуы көтеріліп, талып құлаған жеті жасар қыздың көз жұмғаны хабарланған еді. Оқиғаға пікір білдірген ақтөбелік дәрігерлер қайғылы оқиғаға жедел жәрдем қызметінің 49 минут кешігіп барғаны себеп болғанын растаған еді.

Марқұмның анасы Динара Баймағамбетованың сөзінше, ол тап осылай екінші қызынан айрылып қалған. Көп балалы ана дәрігерлердің үстінен полицияға шағым түсірген.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
1
1
5
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel