RU
Түнімен ән айтқан Нұржан Керменбаевқа көршілері полиция шақыртқан
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Түнімен ән айтқан Нұржан Керменбаевқа көршілері полиция шақыртқан

Рассказать Вконтакте

Нұржан Керменбаев түнімен ән айтамын деп, көршілеріне жақпай қалған. Әншінің әрекетіне күйінген тұрғындар полиция шақырған деп хабарлайды НТК арнасының "Ревю" бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Әнші үйінде әрдайым дауысының бабында болуын қадағалайтын болып шықты. Мұны түсінбеген егде жастағы көршілері полиция шақырған.

"Егде жастағы орыс әжелер келіп арыз жазып, полиция шақыртқан. Ал ол полицейлер үйге келді. Бірақ мені танып, түнгі 23:00-ден кейін олай істеуге болмайтынын түсіндірді. Бөлімше полицейлері "Өнер адамы екеніңді түсінеміз. Бірақ 23:00-ге дейін не істесең де өзің біл, одан кейін көршілердің мазасын алма" деп айтып кетті", - дейді әнші.

Айта кетейік, әнші қазір жаңа үйге қоныс аударған. Ол енді өзінің өнердегі әріптестері Нұрлан Албан, Ғаділбек Жаңайлармен көрші тұрады.

Естеріңізге сала кетейік, Нұржан Керменбаевтың әндерін біздің MusicNur қосымшасынан жүктей аласыздар.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
6
2
0
1
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel