RU
Биылғы қыс ұзақ әрі қатты болады: Ауа райын болжаушы өз тұжырымын айтты
Жаңалықтар Қоғам

Биылғы қыс ұзақ әрі қатты болады: Ауа райын болжаушы өз тұжырымын айтты

Рассказать Вконтакте

Биылғы қыс жылдағыға қарағанда ұзақтау болады. Бұл туралы ауа-райын болжаушы Нұрғабыл Қозыбай "Замана" басылымына берген сұхбатында мәлім етті.

Көрнекі фото: Joinfo.ua

Көрнекі фото: Joinfo.ua

Болжамшының сөзіне сүйенсек, қараша айының соңына қарай таулы өңірлерде жаңбыр жиілеп, оның соңы қарға ұласады. Ал одан кейінгі қыс мезгілі жылдағыға қарағанда ұзақтау әрі қатты болмақ.

"Қыста ауа райы қалай болатынын жаздағы өткен аптап ыстықтардың 6 ай 6 күннен кейін суық болып оралатынымен есептедім. Жаздың ұзақ болғанын, жылы күндердің қазан айына дейін созыл­ғанын ескерсек, қыстың ұзақтау болуы әбден мүмкін", – дейді ол.

Оған қоса Нұрғабыл Қозыбай жақын жалдары құрғақшылық болмайтынын ескеріп, шаруаларға бидай егістігін қолға алуға кеңес берді.

Қазақтың ежелгі тәмсілдеріне сүйене отырып ауа райын болжайтын азамат алдағы үш жыл ауыл шаруашылығын, әсіресе егістікті өркендетуге өте қолайлы дегенді айтады.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
3
2
1
3
2
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel