RU
Серік Аманғалиев ұсталғаннан кейін Маңғыстау облысының әкімдігінде өзгерістер болған
Жаңалықтар Қоғам

Серік Аманғалиев ұсталғаннан кейін Маңғыстау облысының әкімдігінде өзгерістер болған

Рассказать Вконтакте

Маңғыстау облысы әкімінің екі орынбасары қызметінен босатылған. Сондай-ақ бірнеше басқарма басшылықсыз қалған деп хабарлайды NUR.KZ.

Көрнеі фото: dom-i-zakon.ru

Көрнеі фото: dom-i-zakon.ru

Кадрлық ауыс-түйіс туралы облыстық әкімдік мәлім етті. Өңір басшысының бір орынбасары Мақсат Сатов денсаулық жағдайына байланысты демалыс алған. Енді 8 қараша күні жұмысына қайта кіріседі.

Әкімнің тағы бір орынбасары Руслан Сәкеев 5 қарашада іссапарын аяқтап келген. Ал Бекмұрат Жүсіпов 4 қыркүйекте өз еркімен жұмыстан кеткен. Ол орнын бостау себебін денсаулығына байланысты деп түсіндіріпті.

Еске салсақ, Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары Серік Аманғалиев Ақтаудың халықаралық әуежайында ірі көлемде парамен ұсталған болатын. Ол 5 қазанда уақытша қамау изоляторына тоғытылды.

Осыған орай әкімдіктегілер Энергетика басқармасы мен Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығында, автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі басқармасында, сондай-ақ білім басқармасында бірнеше вакантты орындар бар екенін мәлім етті.

Оған қоса ішкі саясат басқармасында да басшылық қызмет орны бос тұр.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
1
1
1
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel