RU
Алматы облысының тұрғыны үйіне келген полицейді итке талатқан
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Алматы облысының тұрғыны үйіне келген полицейді итке талатқан

Рассказать Вконтакте

Алматы облысы Текелі қаласының тұрғыны үйіне келген полицейлерге итін айтақтаған. "Киллер" есімді итке таланған патрульдік полиция қызметкері жарақатын медицина қызметкерлеріне тіктірген деп хабарлайды Қазақпарат.

Фото: queen-time.ru

Фото: queen-time.ru

4 қазан күні Текелі қаласының 17 жастағы тұрғыны ит тістегенін айтып, дәрігерлердің көмегіне жүгінген.

Алматы облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жас жігіт көршісімен келіспей қалып, ер адам 17 жастағы жігітке итін айтақтаған.

Оқыс оқиғаны анықтау мақсатында учаскелік полиция инспекторы мен патрульдік полиция қызметкері "Киллер" есімді иттің иесін іздеп барады.

Алайда ішімдік ішкен үй иесі полиция қызметкерлеріне де үй жануарын айтақтаған.

Нәтижесінде, полиция қызметкері жараланып, медициналық көмекке жүгінген.

Ер адам жануарымен қоса полиция бөлімшесіне жеткізіліп, 17 жастағы жігітті итке талатқаны үшін 408 және 434 баптар бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ билік өкiлiне қатысты күш қолданғаны үшін ер адамның үстінен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
0
1
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel