RU
Шымкентте бұрын сотталғандар полицейлердің киімін жыртып тастады
Жаңалықтар Қоғам

Шымкентте бұрын сотталғандар полицейлердің киімін жыртып тастады

Рассказать Вконтакте

Шымкентте бұрын сотты болғандар жол полициясына бағынбай, тәртіп сақшыларының жағасына жармасып, киімдерін жыртқан деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Фото: Sputnik Қазақстан

Фото: Sputnik Қазақстан

Белгілі болғандай бас бостандығынан айыру жазасы жеңілдетіліп, темір тордан шығып, пробациялық тіркеуде тұрған шымкенттік тұрғын Жамбыл облысына барып қайта қылмыс жасаған.

Тараз қаласындағы сыбайластарымен бірге бөгденің ауласынан "БМВ" көлігін ұрлап мініп кетеді. Шымкентке қайтар жолда тәртіп сақшыларының көзіне түскен олар полицияның тоқтатқанына қарамастан, айдалаға қарай қаша жөнеледі.

Ал жол полицейлері соңдарынан қалмай қуып келгенде бағынғысы келмей қарсылық көрсетіп, алыса кеткен.

"Полиция қызметкерлерінің киімдерін жыртқан. Сондықтан үкімет өкіліне күш қолданып, өміріне қауіп төндірді деген баппен, яғни қылмыстық кодекстің 380 -ші бабымен айып тағылып отыр. Ол да ауыр қылмыстар санатына жатады. Шымкент қалалық тергеу сотының санкциясымен күзетпен ұстау, бұлтартпау шарасы қолданылды", - дейді Шымкент қалалық мамандандырылған тергеу сотының судьясы Сержан Айнабеков.
Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
3
2
1
0
4
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel