RU
Астанада суды заңсыз пайдаланған 600 кәсіпорын анықталды
Жаңалықтар Қоғам

Астанада суды заңсыз пайдаланған 600 кәсіпорын анықталды

Рассказать Вконтакте

"Астана су Арнасы" мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры Табиғат Зейнулкабден орталық сумен қамтамасыз етуге заңсыз қосылу фактілері туралы мәлімдеді деп хабарлайды "ҚазАқпарат" агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: vistanews.ru

Көрнекі фото: vistanews.ru

"Біздің компания орталық сумен жабдықтауға заңсыз қосылу фактілерін анықтау бойынша жұмыстарды жүйелі түрде жүргізеді. Мұндай жағдайлар көп. Соңғы 2 жылда орталықтандырылған сумен жабдықтауға 600-ден астам кәсіпорын заңсыз қосылған", - деді Т. Зейнолкабден.

Құқық бұзушылар арасында көлік жуу орны, кейбір құрылыс компаниялары, сондай-ақ жатақхана иелері болған.

"Орталықтан сумен және кәріз жүйесімен қамтамасыз ету үшін жекеменшік үйлер, жаңа құрылыс компаниялары уақытша келісімшарт жасайды. Олардың қатарына көлік жуу орындары, жатақханалар қосылып кетеді",- деді ол.
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel