RU

"Алматы-Ташкент" тас жолында автобусқа оқтың не себепті атылғаны белгілі болды

"Алматы-Ташкент" тас жолы бағытында кетіп бара жатқан қоғамдық автобусқа жол бермегені үшін пневматикалық қарудан оқ атылған. Бұл туралы Шымкент қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді деп хабарлайды NUR.KZ.

Көрнекі фото: amacoint.com
Көрнекі фото: amacoint.com: UGC

Халықаралық үлкен жолда тас жолға таласып қалғандар осындай әрекетке барған көрінеді. Яғни бұл жайт қоғамдық автобус жүргізушісі BMW жеңіл автокөлігінің жүргізушісіне жол бермеуі салдарынан орын алған. 5 қарашада болған оқиғаға күдікті ретінде Түркістан облысының екі тұрғыны құрықталған.

"Атылған оқ қоғамдық автобустың оң жақ әйнегіне тиген. Тесіп өтпеген. Жәбірленушілер жоқ. Айғақты заттар тәркіленіп алынды. Қазіргі таңда Қылмыстық кодекстің 293-ші бабымен сотқа дейінгі тергеп тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр"-деп мәлімдеді Шымкент қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметінің жетекшісі Әсел Сәденова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1762330-almaty-taskent-tas-zolynda-avtobuska-okty-ne-sebepti-atylgany-belgili-boldy.html