RU
Алдағы үш күнде елімізде 20 градусқа дейін аяз болады
Жаңалықтар Калейдоскоп

Алдағы үш күнде елімізде 20 градусқа дейін аяз болады

Рассказать Вконтакте

Алдағы күндері Баренц теңізінен елімізге арктикалық ауа массасы келеді. Соған байланысты Қазақстанның солтүстігінде, шығысы мен орталығында нағыз қыс орнайды деп хабарлайды "Қазгидромет" республикалық мемлекеттік кәсіпорнына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: goodfon.ru

Көрнекі фото: goodfon.ru

Синоптиктердің хабарлауынша, қазір Қазақстанда ауа температурасы климаттық нормадан жоғары. Алайда, 8-10 қараша аралығында сынап бағанасы күрт төмендеп, нормадан 3-8 градусқа төмен болады.

Сондай-ақ, елде жауын-шашын күтіліп, түрлі аймақтарында көктайғақ болады.

Алдағы үш күнде Қазақстанның солтүстігі, шығысы мен орталығы қар жауып, боран болуы мүмкін. Синоптиктер солтүстік-батыста жел күшейетінін де айтып отыр.

Бұл аймақтарда ауа температурасы түнде 10-15 градусқа дейін төмендесе, кейбір аудандарда 20 градус аяз болады деп күтілуде.

Сіздің реакцияңыз
0
5
0
0
1
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel